ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Қарақалпақ бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕКТЕПТІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ

Қарақалпақ  ауылы,2024жыл

 

 

  1. БІЛІМБЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

 

 

Білім беру ұйымының аталуы,орналасқанжері (заңдымекен-жайыжәне орналасқан мекен- жайы). Қостанай облысыә кімдігі білім  басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Қарақалпақ бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 110411, Қазақстан Республикасы,

Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы Қазанбасы ауылдық. округі Қарақалпақ ауылы , Центральная көшесі, №12 үй.

 

Заңды тұлғамен байланысдеректері

(телефон, электрондық

пошта,web-сайт).

Жұмыстелефоны8(71453)26948

e-mail gulnara.adaevna@mail.ru

 

Заңдытұлғаөкілінің байланыс деректері

(басшыныңФ.А.Ә.және лауазымға тағайындау туралы бұйрық

деректері).

Мектеп меңгерушісі: Жанабаева Гульнара Адайевна Телефон:87773012512,

Тағайындау туралы бұйрық: 28.08.2012ж.№48

Құқық беруші және құрылтайшықұжаттар. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 05  қаңтарда  заңды  тұлға болып қайта тіркеуден өткен. БСН 021140003211 коммерциялық емес мемлекеттік бюджет есебінен қаржыланатын  мемлекеттік құрған ұйым. Қостанай облысы әкімдігі білім  басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Қарақалпақ бастауыш мектебі мектебі»КММҚостанай облысы  әкмдігінің 202 1жылғы  5 қаңтардағы №5  қаулысымен  бекітілген  Мектеп Жарғысы негізінде  жүзеге  асырылады.
Рұқсатетушіқұжаттар Мектеп жұмысы 2021 жылғы 22 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қостанайоблысыныңбілімсаласындасапанықамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесі берген

№ KZ25LAA00024389 мемлекеттік  лицензияға  сәйкес

жүргізіледі.

 

БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ.

 

  1. КАДРЛЫҚ ҚҰРАМҒА ТАЛДАУ.

(Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 арашадағы№ 473 бұйрығыменбекітілген(нормативтікқұқықтықактілер тізілімінде№30721болыптіркелген)бастауыш,негізгіорта,жалпыорта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сақтау).

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Қарақалпақ бастауыш мектебі» КММ 2023 жылдың 1 қыркүйегінде барлығы – 4 қызметкер (бастауыш сынып мұғалімі – 2, қоса атқарушы қызметкерлер-2) құрамымен жасақталды

Әкімшілік–басқару:

Мектеп  меңгерушісі : Жанабаева Гульнара Адайевна 1984ж.т.,білімі жоғары,жұмыс өтілі:жалпы–19жыл,осы

мектепте–19жыл,осы қызметте –12жыл

Бастауыш сынып мұғалімі Койгельдина Рымжан Талгатовна -1995ж т білімі жоғары, жұмыс өтілі:жалпы–7жыл,осы

мектепте–7жыл,

Қосалқы атқарушы

Информатика пәні мұғалімі

Бегежанова Ляйля Николаевна 1979ж білімі жоғары ,жұмыс өтілі жалпы-19 жыл .осы мектепте 1жыл
Қосалқы атқарушы

Ағылшын тілі мұғалімі

Шалгимбаева Асемгуль Татымбековна 1989ж білімі жоғары ,жұмыс өтілі жалпы-  6жыл .осы мектепте 2жыл

Ағымдағы оқу жылында барлығы 4 мұғалім,  оның ішінде негізгі қызметте жұмыс жасайтын -2 мүғалім,  2 мұғалім – қоса атқарушы қызметте жұмыс жасайды.

Жоғары білімді мұғалімдер 100%

Арнайы орта – 0,

педагог-зерттеушілер мен педагог-сарапшылардың үлесі – 50% құрайды.

Жоғары білімді– 4

Арнайы орта білімді–0,

Педагог – модератор – 0,

Педагог – сарапшы – 1, Педагог-зерттеуші–1, Жас мамандар – 0

Бастауыш сыныптарда  педагогтардың жалпы саны- 4, Жоғары білімді– 4 мұғалім.Педагогтердің біліктілік санатының деңгейі бойынша педагог-зерттеуші– 1, педагог-сарапшы– 1, педагог-модератор– 0. Бастауыш  білім беру деңгейіндегі педагог – зерттеушілердің, педагог- сарапшылардың үлесі- 50%құрайды.

Педагогикалық кадрлардың гендерлік құрамы:

 

Жынысы

2021-2022 ж 2022-2023 ж 2023-2024 ж
Саны Сапасы

%

Саны Сапасы

%

Саны Сапасы

%

Әйелдер 4 100% 4 100% 4 100%
Ерлер            
Барлығы 4 4 4

 

Тиісті бейін бойынша педагогикалық кадрлардың білімі:

 

Білімі

2021-2022 ж 2022-2023 ж 2023-2024 ж
Саны Сапасы

%

Саны Сапасы

%

Саны Сапасы

%

Жоғары 2 75% 4 100% 4 100%
Арнайы

орта

1 25%
Барлығы 3 4 4

 

Педагогикалық кадрлардың  біліктілік санатының  деңгейі:

Біліктілік санаты 2021-2022 ж 2022-2023 ж 2023-2024ж
Саны Сапасы % Саны Сапасы % Саны Сапасы %
Педагог–

зерттеуші

1 25% 1 25%    
Педагог–

сарапшы

        1 25%
Педагог–

модератор

1 25%        
Барлығы 2 1 1

 

Барлық 4 мұғалім диплом бойынша мамандықтың оқытылатын пәнге тиісті бейіні бойынша сабақ береді. Оқу жылының басында сотталмағаны туралы анықтама барлық 4 мұғалімде де  бар. Жасалған шарт негізінде мектептің педагогикалық ұжымы жыл сайын медициналық тексеруден өтеді.

2023- 2024 оқу жылында, мектепте 2 мұғалім негізігі қызмет бойынша, 2 мұғалім қоса атқарушы қызмет бойынша жұмыс жасайды.

Жыл сайын жаңа оқу жылында педагогтердің біліктілігін арттырудың перспективті жоспары жасалады, перспективті жоспар жыл сайын педагогтерді қабылдау мен жұмыстан шығаруды ескере отырып жаңартылады. Барлық педагогтар, соның ішінде жаңадан келген және жас мамандар жаңартылған білім беру мазмұны аясында өз пәні бойынша біліктілікті арттыру   курстарынан  уақытында  өтеді.

Басшы  мен  орынбасарлардың  біліктілігін  арттыруы:

Курстар 2021-2022ж 2022-2023ж 2023-2024ж
«БІЛІМ» ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖƏНЕ БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ 1
«Өрлеу»  біліктілікт  іарттыру

ұлттық  орталығы АҚ

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагогтардың біліктілігін арттыруы:

2023-2024 оқужылында  біліктілік арттыру курсынан курстан өткен педогогтер жоқ

Білім беру саласындағы конкурстар мен жарыстардың қатысушылары

Оқушылардың     жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада қатысушылары мен жеңімпаздары:

 

 

2023-2024 оқу жылы

· Конкурс атаулары

 

Нәтиже Білім алушының

аты-жөні

Жетекшісінің аты-жөні
Аудандық деңгей
4 Алтын сақа аудандық деңгей   Батырханова Алтын Жанабаева Г.А
Республикалық деңгей
1 Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін оқудан өткен байқау 1дәрежелі Батырханова Алтын Жанабаева Г.А
2 Мұғағали Мақатаевтың туған күніне орай «USHQYR»педогокалықшеберлік орталығы ұйымдастырған «М .Мақатаев оқулары »атты республикалық байқау 1дәрежелі Батырханова Алтын Жанабаева Г.А
3 Жаңа Қазақстан Республикалық дарынды жастарды қолдау   «Мұқағали оқулары»байқауы мәнерлеп оқу 1дәрежелі Қамеш Нұрсұңқар Койгельдина Р
4 Дүниетану ,Жаратылыстану пәндерінен Алтын ұрпақ зияткерлік олимпиядасы 3 орын Асылхан Айару Койгельдина Р
         

 

 

 

 

 

Мұғалімдердің  олимпиадалар мен конкурстардағы жетістіктері :

 

· Конкурс атаулары

 

Мұғалімнің

аты-жөні

Нәтиже
  «Рухани  жаңғыру» ақпараттық сараптамалық орталығы және «QAZAQ BILIMI» республикалық ғылыми әдістемелік,педогогикалық журналы ұйымдастырған «Үздік педогогикалық мақала» республикалық конкурсының «Үздік мақала»номинациясы бойынша Жанабаева Гульнара Адайевна І орын
1 Бастауыш сынып мұғалімдеріне  арналған «Алтын тұғыр» математикалық олымпияда 2023жыл Жанабаева Гульнара Адайевна Грамота сертификат
       
2 Бастауыш сынып мұғалімдеріне  арналған «Алтын тұғыр» математикалық олымпияда 2023жыл Койгельдина Рымжан Талгатовна сертификат

 

Озық тәжірибе тарату:(аудандық,облыстық, республикалықдеңгейлер)

  1. Жанабаева Гульнара Адайевна – «Жаңа әр түрлі әдістер арқылы оқушылардың зейінін қалыптастыру » тақырыбында өткен тақырыбында аудандық семинарда шебер-сынып. 2022ж

 

Жарияланымдар:

  1. Жанабаева Г.А Қазақ білімі» атты республикалық ғылыми әдістемелік педогогикалық журналы: «Бастауыш сынып оқушысының шығармашылық қабілетін дамыту » мақаласы, 2021,

 

 

2. БІЛІМ АЛУШЫЛАР КОНТИНГЕНТІ.

                  2023-2024оқужылы.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл  ауданы білім бөлімінің Қарақалпақ бастауыш мектебі» КММ

2023-2024 оқужылының басындағы білім алушылар контингенті–11оқушы.

2023-2024 оқужылы 1 тоқсан барысында барлығы  2  оқушы кетті:

Аты-жөні Туған күні,айы,

жылы

Сыныбы Кеткен күні Бұйрық
1 Әділбек Данияр Ерланұлы 27.08.2017 1 24.08.2023 2
2 Абакаев Санжар Азаматович 10.01.2014ж 4 26.08.2023 3

 

 

2023-2024 оқужылының 1 тоқсанында–1  оқушы келді

Аты-жөні Туған күні, айы, жылы Сыныбы Келген күні Бұйрық №
1 Абакаев Санжар Азаматович 10.01.2014ж 4 12.09.2023ж 4

 

1-4 сыныптараралығында–11 оқушы,оның ішінде қызы-7;

Оқу деңгейлері бойынша сыныптардың орташа толуы:

1-4сыныптарда–11;

Оқыту деңгейлері бойыншакомплект: 1 – 4 сыныптар (2 сынып жиынтығы);

2023-2024 оқужылының 2 тоқсанның  басындағы білім алушылар контингенті–11  оқушы.

 

 

2023-2024 оқу жылының 2 тоқсанында–1  оқушы келді

Аты-жөні Туған күні, айы, жылы Сыныбы Келген күні Бұйрық №
7 Әділбек Данияр Ерланұлы 27.08.2017 1 07.11.2023 5

 

2023-2024 оқу жылының 2 тоқсанында–1  оқушы кетті:

 

Аты-жөні Туған күні, айы, жылы Сыныбы Келген күні Бұйрық №
7 Әділбек Данияр Ерланұлы 27.08.2017 1 29.12.2023 6

 

 

2023-2024 оқу жылының 2,3, 4 – тоқсанында–11 оқушы болды

1-4 сыныптараралығында–11 оқушы,оныңішінде қызы-7;

Оқу деңгейлері бойынша сыныптардың орташа толуы:

1-4сыныптарда–11;

Оқытудеңгейлерібойыншакомплект: 1 – 4 сыныптар (2 сынып жиынтығы);

Мектептегі сабақтар бір ауысымда өтеді.

 

3. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС.

Білім беру ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің болуы және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген бастауыш,негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№29031болып тіркелген) талаптарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген(нормативтікқұқықтықактілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкестігі;

Ұйымдағы оқу – тәрбиелеу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін ұйымдардың түрлері бойынша қызметтің типтік ережелері (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі№375 бұйрығымен бекітілген тиісті типтегі білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Жұмыс оқу жоспары жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспарлары негізінде жасалады және тамыз айында өткізілетін № 1 мектеп педагогикалық кеңесінде бекітіледі және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімі» ММ сараптамадан өтеді.

 

2023-2024 оқу жылында жұмыс оқу жоспары келесі нормативті құжаттар негізінде  құрылған:

  • «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен);
  • «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы»(31.08.2022ж №385 (ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен, ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 ж. № 365 бұйрығымен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029136, 30.09.2022 ж. №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916)
  • «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022ж. №399 бұйрығы 21.11.2022ж.№467,05.07.2023ж.№199бұйрығымененгізілгенөзгерістерімен
  • «2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат.

Оқу бағдарламасының мазмұнының көлемі типтік оқу бағдарламасының инвариантты және вариативті бөлігінің оқу жүктемесі шеңберінде жүзеге асырылады.

2023-2024оқужылында Үлгілік оқу жоспарларының вариативті компонентінің сағаттарына байланысты 1 – 4 сыныптарда дамыту сипаттағы жеке және топтық сабақтар (аптасына 1сағат); енгізілді:

«Сандар сыры»-1сынып,1сағат,

«Көркем жазу»-2сынып,1сағат,

«Қимыл қозғалыс ойындары »-2-4сынып,1сағат,

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқ убағдарламаларына (бұданәрі–ЖББүлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылатын оқу пәндерінің базалық мазмұнын игеру;

2023 – 2024 оқу жылы инвариантты компоненттің жалпы білім беретін пәндерінің негізгі мазмұнын игеру:

  • «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 8.11.2012 ж. № 500 бұйрығы, ҚРОқу-ағартуминистрінің12.08.2022ж.№365;30.09.2022 ж.№412 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен;
  • «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекітутуралы»ҚРОқу-ағартуминистрінің16.09.2022ж.№399бұйрығы

 

21.11.2022 ж. № 467, 05.07.2023 ж. № 199 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен;

  • «Білімді ұлт. Сапалы білім» Ұлттық жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.10.2021ж. №726 Қаулысы;
  • «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» ҚР БҒМ 18.03.2008 ж. № 125 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 13.04.2023 ж. №96 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріменжүзеге асырылады.

Білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру;

 

«Тәрбие мен білім»ішкі бағдарламасының негізгібағыттары:

  • «Өлкетану»
  • «Саналы Азамат»(болашақтытаңдаудықолдау)
  • «Отаным тағдырым»(қазіргізаманқаһарманыныңтабыстыкейіпі)
  • «Кітап–білім бұлағы»(кітапоқудынасихаттау)

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріндегі басым бағыттары:

  • Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбиелеу,құқықтық тәрбие.
  • Рухани–адамгершілік тәрбие.
  • Ұлттықтәрбие.
  • Отбасылықтәрбие.
  • Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие.
  • Көпмәдениетті жәнекөркем–эстетикалық тәрбие.
  • Зияткерлік тәрбие,ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.
  • Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты.

Жаңа оқу жылының басында тәрбие жұмысының жұмыс жоспары құрылып мектеп меңгерушісімен бекітілді. Жұмыс жоспарлары тәрбие жүйесінің құқықтық актілеріне сүйене отырып құрылды. Жылдық жоспарға сүйене отырып, әр ай бойы және кірген кірістер негізінде айлық жоспары құрастырылады. Жоспарға тәрбие тұжырымдамасының барлық бағыттарын іске асыру қарастырылды. Айлық жұмыстар әр айдың басында тәрбие жұмыстарының бағыттарын негізге ала отырып, іс-шаралар тақырыптары белгіленіп,әр іс-шара«5»балдық жүйемен бағаланып  есепке алынып отырады.

                 Жылда аталып өтілетін мерекелік іс-шаралармен акциялар:

Қыркүйек айында«Білім күні», «Тілдер күні», «Отбасы күні», «Денсаулық күні», балалардың өмір қауіпсіздігімен жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы апталықтар мен он күндіктер.

Қазанайында«Қарттар күні»,«Ұстаздар күні», «Күзгі балл», «Республика күні».

Қараша айы «Ұлттық валюта», «Зорлық–зомбылықсыз балалық шақ», «Бала құқығы асыл қазына» он күндік, «Зорлық–зомбылықсыз 16 күн» республикалық акция.

 

Желтоқсан айы тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар, Халықаралық ЖИТС пен күресу күні, құқықтық тәрбие беру айлығы, отбасындағы зорлық- зомбылықтарды болдырмаудың алдын алу жұмыстары, «Жаңа жыл ғажайыптары» атты мерекелік іс-шара.

Наурыз айы «Алғыс күні», Халықаралық әйелдер күні, «22 наурыз»,

«Азаматтық қорғаныс»күні.

Сәуір айы«Ғарышкерлер күні»,«Ғылым күні».

Мамыр айы«Қазақстан  халқының бірлік күні»,жеңіс күніне арналған іс- шаралар, «Сыңғырла соңғы қоңырау».

Маусым айы«Балаларды  қорғау күні»,ҚР рәміздер күні, мектеп ауласынан құрылған л агердің ашылуы.

Оқушылар ұжымын біріктіру, оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту және педагогтермен балалар арасындағы ынтымақтастық мақсатында

«Жас Қыран», балалар ұйымының  жұмысы  атқарады.

«Жас Ұлан ұйымына қамтылу көрсеткіші

 

 

Жылдар

 

Жалпы балаларсаны

 

«ЖасҚыран»     1-4сыныптар

2023–2024 12 11

.

«Денсаулық фестивалі-2023» аясында   спорттық жарыстар өткізілді.

Отбасы күніне орай бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналарының арасында «Мен және анам»  атты отбасылық сайыс ұйымдастырылды.

Қарттар күніне орай «Қарттарым-асыл қазынам» мәдени іс-шара барысында  ауыл қарттарына дастархан жайылып, оқушылар шағын мерекелік концерт қойып, ауыл қарттарына жылы лебіздерін білдірді. Мұғалімдер күні мерекесіне орай«Ұстаз-ұлы тұлға» атты шағын мерекелік концерт және оқушылар ұстаздар күніне орай, өздерінің ұстаздарына құрметтерін көрсете білді.

. Жаңа жылдық ертеңгіліктері, жаңа жыл 1-4 сынып аралығындағы дәстүрлі мерекесі өткізілді. Қантар , ақпан айларында «Менің туған өлкем» сурет сайысы, «Ұрлық түбі қорлық» дөңгелек үстелі, «Қыс қызығы» суреттер көрмесі т.б. іс-шаралар өткізіліп отырды. 1Наурыз Алғыс айту күніне «ұстазыма алғыс» челленджі, «Алғыс айту парызым» атты іс-шараға белсенді атсалысты.

 

Әр оқу жылындағы«Үндестік»жобасын іске асыру жұмысының нәтижесі.

«Үндестік» жобасын іске асыру барысында әр оқу жылының басында мектепішілік жоспар құрылды. Білім беру ұйымдарында педагогтер мен ата-аналардың өзара іс-қимылын жақсартуға бағытталған «Үндестік» облыстық жобасының тиімділігін насихаттау мақсатында 2021 жылдың  қарашасынан бастап жоба жүзеге асырыла бастады. Қазіргі таңда ұйым қарқынды жұмыс жасауда.Осы тұста атқарылған жұмыстар: 1-18 қараша күндері ата-аналар жиналысы өткізіледі. Отбасымен мектеп бір-бірінен бөлек алып қарауға келмейтін егіз ұғым.Саналы ұрпақты тәрбиелеу үшін бірлескен жұмыс жақсы нәтижеге апарары сөзсіз.Осы тұста құрылған жоспар бойынша біршама нәтижелі жұмыстар атқарылды. «Екі жұлдыз» өнерпаз отбасыларына арналған вокалдық сайыс, ұстаз, ата-ана, оқушылар мектепішілік толағай жарысы,«Өнегелі отбасы»отбасылық сайысы,  «Оқуға құштар отбасы», ата-аналар жиналысы, сенбіліктер т.б.

2023–2024оқу жылындағы«Бір тұтас тәрбие» жобасы аясында атқарылған шаралар..

Қазан айында «Жаныңда жүр жақсы адам» акциясы, мектеп оқушылары ауыл қарттарына барып мерекелерімен құттықтап, көмек көрсетеді.

Қараша айы «Ауылымыздың киелі жерлері балалар көзімен»тақырыбындағы сынып сағаттары өткізілді.

2023-2024 оқу жылының тәрбие жұмысының жоспары «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізінде құрылды.

«Бір тұтас тәрбие бағдарламасы»-ұлттық адами құндылықтарға негізделген.

«Бір тұтас тәрбие бағдарламасы» мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Ұлттық Құндылықтар:

  • Ұлттықмүдде
  • Ар-ұят
  • Талап

Жоғарыда аталған жаңа бағдарламамен оның құндылықтарын басшылыққа ала отырып тәрбие жұмысының жоспары бекітілді. Жаңа бағдарламаның тиімді тұстарының бірі балалардың жас ерекшеліктері,яғны 6-10 жастағы бала тәрбиесі,11-15 жас өспірім тәрбиесіжәне 1-18жастар тәрбиесі санаты бойынша жұмыс жасау тиімді деп есептелді.

Қыркүйек айында өткізілген іс–шаралар: «Мектеп мейірім мекені  »,«Тілім менің –  мақтанышым »,тілдер күніне арналған тәрбие сағаты іс-шаралар өткізілді; Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында «Отбасы бақыт мекені» арнайы мектепішілік жоспар құрылып, іс-шаралар ұйымдастырылды. «Отбасым бақыт мекенім »тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.Жолда жүру ережесін түсіндіру мақсатында «Жолда жүру ережесі» түсіндіру жұмыстары жүргізілді.15- қыркүйек Денсаулық күніне орай спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Қазан айында өткізілген іс–шаралар: Қазан айының алғашқы мерекесі халықаралық қарттар күні. Осы аталған мерекеге орай мектебімізде  «Қарттарым асыл қазынам ».мерекелік концерт ұйымдастырылды.Мерекелік концерттен кейін қарттарымызға ақ дастарқан жайылып, шағын сыйлықтар табыс етілді.

5 қазан ұстаздар күніне орай оқушылардың ұстаздарына деген құрметпен дайындаған мерекелік концерті жоғары деңгейде өтті.

Дәстүрге арналған алтын күз мерекесіне орай қазан күні «Арайлы Алтын күз» атты 1-4 сынып оқушылары арасында сайыс  өткізілді..Шағын орталық бүлдіршіндері  «Күзгі көрініс» тақырыбында сурет  көрмесін өткізді.

25қазан Қазақстан Республика күнін мерекелеуге арналған жұмыс жоспарының негізінде 1-ші  және 4-шы сыныпта «Республикам менің» тәрбие сағаттары,    1–4 сыныптар және мектеп алды сыныбы,мемелекеттік әнұранды орындау челленджі   өткізілді.

Қараша айында өткізілген іс–шаралар:  «Әрқашан күн сөнбесін »тақырыбында  сурет көрмесі,  «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ » тәрбие сағаты ,«Бала құқығы  адам құқығы»  таным сабағы, 15 қараша –Ұлттық валюта күніне орай  1- 4 сынып аралығында  «Теңге біздің мақтанышымыз»сынып сағаттарыболып өтті. «Тоғыз ай-тоғыз іс-шара» жобасы аясында  дене шынықтыру пәні мұғалімінің ұйымдастыруымен «Асық ату » сайысы өткізілді.

Желтоқсан айында өткізілген іс–шаралар:. «Отбасы –тәрбиенің алтын бесігі»атты жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы болды. 16 желтоқсан Тәулсіздік күніне орай «Көк тудың желбірегені» мерекелік шағын концерт өткізілді және 2-4 сыныптарында ашық тәрбие сағаты болды.Оқуға  құштар мектеп жобасы «Мен оқыған кітаптар және менің сүйікті кейіпкерлерім »

 

Жаңа жыл мерекесіне «Жасыл шырша жанында » атты жаңа –жылдық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Қаңтар-ақпан  айында өткізілген іс–шаралар: «Қауіпсіз интернет» сынып сағаттары,» сынып сағаттары ,Буллинг туралы ескерту жұмыстары, Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына байланысты жерлесіміз Ербол Нұрғалиевті еске алу іс шарасы  т.б. өткізілді.

Наурыз  айында өткізілген іс–шаралар: 1 наурыз алғыс айту күніне орай «Мың алғыс…» сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ, «Алғыс айту парызым» тренингтер өткізілді. Ұлттық киімдерді дәріптейміз тақырыбында әр аптаның сейсенбі күні оқушыларымыз бен ұстаздар қауымы  ұлттық киім киюді қолға алды.22- Наурыз  мерекесіне орай ата аналар мен оқушылар салт дәстүрлерден үзінді көрсетіп,наурыз бата беріліп,наурыз көже ұйымдастырылды.

8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай  «Ана гүл, ана –өмір шуағы» атты шағын мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Сәуір айында  12-сәуір «Ғарышкерлер  күні »

Мамыр айында:  1-мамыр  «Ұлттар достығы» мерекесі, Жеңіс күні

 

 «Мектепке жол» республикалық акциясы бойынша атқарылған жұмыстар:

Жыл сайын елімізде «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық акциясы өз бастамасын алады.

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясының мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсызқалғанбалаларғаматериалдықжәнеқаржылықкөмеккөрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармаудың алдын алу.

Жылдар Оқу шы саны Көмек көрсет ілген оқушы

саны

 

Көмек көрсеткен ұйым

 

 

Отбасы мәртебесі

2023-2024 11 2 Білім бөлімі Аз қамтылған-2

 

 

  1. Жалпыға міндетті оқу қорынан мектеп оқушыларына берілген киімдер бойынша ақпарат
 

Жылдар

Оқушы саны Мектеп формасы Спорт киім Мектепке

керекті құрал

жабдықта

р

 

Мәртебелері

2023-2024 1 1 1 1 Оқушыға

40 567 теңгеден берілді.

 

Аз қамтылған-1

 

Тамақтану бойынша жалпы ақпарат

 

Жылдар

 

Оқушы саны

Ыстық тамақпен қамтылған

оқушылар

Тегін тамақпен қамтылған

оқушылар

 

Сыныптардағыоқушы саны

2023-2024 11 11 11 1-4сыныптар-11оқушы,

 

 

Сынып жетекшілер базасы.

Мектебімізде 1-9 сыныптардан 2 сынып жасақталған, 2 сынып жетекші жетекшілік атқарады. Сынып жетекшілік қызмет атқаратын әр ұстаз лауазымдық міндетті толық ұсына отыра, ата-аналармен, оқушылармен, қоғамдық орындармен ынтымақтаса отырып іс-әрекет жасай біледі.

2 сынып жетекші жоғары білімді,

Оқу жылының басында мектепішілік тәрбие жұмыс жоспарын басшылыққа ала отырып әр сыныптың жас ерекшелігін ескере отырып, мектептің тәрбие жұмысының жоспары құрылды.Сыныптың тәрбие жоспарын жасау барысында әр сынып жетекшісі құқықтық нормативтік актілерді және тәрбие тұжырымдамасын басшылыққа алды.

 

 

 

 

Жыл

Мәліметтер
Білімі Жасы Сынып жетекшілік

Еңбек өтілдері

Жоғары Арнайы

орта

20-30 30-40 40-50 1-5 5-10 10-20
2021-2022 2 1 2 1   1 1 1
2022-2023 2   1 1     1 1
2023-2024 2   1 1     1 1

2023-2024 оқу жылы бойынша мектеп кітапханасының «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында атқарылған жұмыстар жобасы бойынша Кітапхана өз қызметінде Қазақстан Республиксының мемлекеттік заңдары ҚР білім және ғылым министрлігінің нұсқауларын басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізеді.

  1. Білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, бейінді оқытуды іске асыру (оқытудың тереңдетілген және стандартты деңгейі.

ҮОЖ сәйкес жүзеге асырылатын вариативтік компоненттің  факультативтері  мен таңдау курстарын іске асыру;

Оқу жұмыс жоспарының вариативтік бөлігінің бағдарламалары жыл сайын мектептің педагогикалық кеңесінде қаралады, әдістемелік нұсқау хатқа сәйкес курстар енгізіледі.

 

                      2023-2024 оқу жылында

 

  Тақырыбы Сыныбы Сағат

саны

Мұғалім
1 Сандар сыры 1 1 Койгельдина Р.Т
2 Көркем жазу 2 1 Жанабаева Г.А.
3 Қимыл қозғалыс ойындары 2-4 2 Жанабаева Г.А

Вариативті компонент сабақтары оқушылардың қажеттіліктеріне, сұраныстарына, қабілеттері мен бейімділіктеріне сәйкес оқу пәндері бойынша білімдерін кеңейтуге, тереңдетуге және түзетуге, сондай-ақ танымдық іс әрекетті жандандыруға бағытталған.

Курстар оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, зерттеу мәдениетін, тілдік құзыреттілікті, цифрлық мәдениетті дамытады. Білім алушылардың зияткерлік және тұлғалық дамуміндеттерін шешудіқамтамасыз етеді,танымдықмүдделерменшығармашылықойлаудықалыптастырады,  оқушылардың денсаулығын сақтауға және қолдауға, шығармашылықты дамытуға ықпал етеді.

Осылайша, таңдау курстары «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгіорта,жалпыортабілімберудіңүлгілікоқужоспарларынбекітутуралы» (ҚРБҒМ8.11.2012ж.№500бұйрығына(ҚРОқу-ағартуминистрінің12.08.2022 ж. № 365; 30.09.2022 ж. №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен ) сәйкес толық көлемде іске асырылады.

«Өмір қауіпсіздігінің негіздері»міндетті оқу курсын игеру.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың,бастауыш,негізгі орта,жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 тамызда № 29031 болып тіркелді.

1-4-сыныптарда «Өмір қауіпсіздігінің негіздері»оқу курсын міндетті меңгеру қамтамасыз етіледі. Оқу курсының мазмұнын 1-4 сыныптарда «Дүниетану»оқу пәнінің шеңберінде :жылдық оқужүктемесі 1-3сыныптарда 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімдері іске асырады. «. «Өмір қауіпсіздігіні негіздері»бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі.

Мектептің қауіпсіздігі педагогикалық ұжым қызметінде басты назарда болады. Сондықтан мектептің қауіпсіз жұмыс істеу режимін қамтамасыз ету, оқу-тәрбие процесін жүргізу, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында жыл сайын оқу-жаттығу сабақтары (жылына 2 рет – қыркүйек, наурыз), ТЖ қызметкерлерін тарта отырып әңгімелесулер өткізіледі.

«Жолда жүру ережелері»міндетті оқу курсын іске асыру.

Мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың,бастауыш,негізгіорта,жалпы орта,техникалықжәнекәсіптік,ортабілімненкейінгібілімберудіңмемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 тамызда № 29031 болып тіркелді.

«Жолда жүруережелері» оқу курсының мазмұнын 1-4 сыныптарда әрбір сыныпта 6 сағаттан сынып сағаттары есебінен және сабақтан тыс уақытта сынып жетекшілері жылдық жұмыс жоспарында тақырыптары мен мерзімін көрсете отырып, іске асырады.

Балалардың жол – көліктік жарақаттануының алдын алу жөніндегі қызметті жандандыру мақсатында мектептің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Жол көлік жарақатының алдын алу жұмыстары 1-4 сыныптарда бекітілген бағдарлама бойынша жүргізілуде, оның мақсаты жол мен көшелерде қауіпсіз мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру.Балалардыңжол-көліктікжарақаттануыныңалдыналу,балалар мен ата-аналардың жол-көлік мәдениетін арттыру болып табылады.

Жыл сайын ЖЖЕ бойынша онкүндіктер өткізіледі, оның шеңберінде сынып жетекшілері«Жолдажүруережелері»сыныпсағаттарын,«Жолдажарқынбол» сабақтарын, жолдардағы қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша«ЖЖЕ» викториналарын, «Ақылды жаяу жүргінші» конкурстарын, «Жол қозғалысы мектебі», «Жаяу жүргінші» ойындарын және сақтану бойынша нұсқаулықтарды өткізеді. Бұл ретте бастауыш сынып оқушыларына ерекше назар аударылады.Мектеп оқушылары «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясында «Біз жолдағы қауіпсіздікті қолдаймыз!» сынып сағаттарына қатысады.

Балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болған ЖКО алдын алуға, жолда жүру ережелерін насихаттауға, жүргізушілер мен жұртшылықтың назарын балалардың жол-көлік жарақаттануы проблемасына аударуға бағытталған іс- шараларшеңберіндежылсайын«Қауіпсізжол:мектеп-үй»акциясыөткізіледі. Білім алушылардың қауіпсіз қозғалыс бағыттарын әзірлеуге балалар, мұғалімдер мен ата-аналар қатысады.

Бұдан басқа, мектеп фойесінде, әрбір оқу кабинетінде ЖЖЕ бойынша тақырыптық-ақпараттық стендтер бар.

Мектепте Жол қозғалысы жас инспекторлары (ЖҚЖИ) жасағы арнайы кабинетте ұйымдастырылған, онда әдістемелік және оқу материалдары ұсынылған.

Демалыс алдында оқушылар мен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар өткізіледі,онда жолдардағы,әсіресе көктайғақ басталған кездегі мінез-құлыққа жіті назар аударылады.

Сонымен,мектепте балалардың жол көлік жарақатының алдын алу жұмыстары үшін барлық жағдай жасалған.

 

Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемінің сәйкестігі және сақталуы.

Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдаукурстарыныңжәнефакультативтердіңүлгілікоқубағдарламаларын бекітутуралы.ҚазақстанРеспубликасыБілімжәнеғылымминистрінің2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелді.

Оқыту процесі үлгілік оқу жоспары негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік оқу кестесімен және сабақ кестесімен реттеледі. Жұмыс бағдарламаларының мазмұны мен оқу жоспарлары сәйкес әзірленіп, іске асырылады. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлаудың мазмұны, оқушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі білім берудің оқужоспарларына және білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келеді. Типтік оқу жоспарының вариативтік бөлігінің құрамына кіретін және мекеменің ерекшелігін көрсететін оқу пәндері бойынша жұмыс оқу жоспары мен бағдарламаларын әзірлеуді мектеп дербес жүзеге асырады. Білім алушылардың оқу жүктемесі, сабақ кестесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, санитариялық қағидалардың, денсаулық сақтау және білім беру органдарының білім беру саласындағы үлгілік оқу жоспарлары мен ұсынымдарының негізінде дайындалған білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады және мектеп басшысы бекітеді.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта,техникалықжәнекәсіптік,ортабілімненкейінгібілімберудіңмемлекеттік

жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен);

«ҚазақстанРеспубликасындабастауыш, негізгіорта,жалпыортабілімберудің үлгілікоқужоспарларынбекітутуралы»(ҚРБҒМ8.11.2012ж.№500бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 ж. № 365; 30.09.2022 ж. №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен

2023-2024оқужылында

Бастауыш мектептегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі 27 сағаттан аспайды.

  • сыныпта–19,5сағат.
  • сыныпта–24сағат.
  • сыныпта–26сағат.
  • сыныпта–26сағат.

Білім алушылардың инвариантты және вариативті компонентін(арнайы білім беру ұйымы үшін түзету компоненті) құрайтын оқу жүктемесініңжалпыкөлемінің,сондай-ақҮОЖ-менбелгіленгенсыныптарбойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі және сақталуы.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта,техникалықжәне кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен);

«ҚазақстанРеспубликасында бастауыш,негізгі орта,жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы»(ҚРБҒМ8.11.2012ж.№500бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 ж. № 365; 30.09.2022 ж. №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен жүзеге асырылады.

2023-2024оқужылында

Бастауыш мектептегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі 26 сағаттан аспайды.

Сынып Аптажүктемесі Жылдықжүктемесі
1сынып 19,5 643,5
2сынып 24 816
4сынып 26 884
Барлығы 69,5 2343,5

Вариативтікомпонентінқұрайтыноқужүктемесі:

«Сандар сыры»,1-сынып(1сағат)

1-сыныптағы «Сандар сыры» таңдау пәнінің негізгі мақсаты Баланың тұлғалық қасиеттерін ,ақыл ойын,сезімдерін,танымдық және шығармашылық қабілеттерін,ойлау әрекеттерін дамыту ,оқушыларға математикалық білім,білік дағдыларын игерту,шығармашылық қабілеттерін арттыру,байқағыштық,қиялдау, танымдық іс әрекеттерімен өзіндік білім алуға ізденуге бейімделу .

 «Көркем жазу»-2сынып,1сағат.

  • Мақсаты: Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, әріп элементтерін  дұрыс жазуын, әдеби сауаттылығын, көркемдік-эстетикалық талғамын арттыру, грамматикалық мағлұматтарды меңгерту
  • Күтілетін нәтиже: Әріп элементтерін әріптерді көркем жазуға қалыптасадыОқушылар көшіріп жазу әдісі, сызықтық әдіс, генетикалық әдіс, теріп жазу әдістерін саналы түрде және нақты орындауды меңгереді.Мәтінді көшіріп жазу, өлеңдерді, мақал-мәтелдерді, жұмбақ-жаңылтпаштарды жатқа жазу, ойдан әңгіме құрастыру біліктіліктері дамиды.Таным белсенділіктері артып, шығармашылық қабілеттері мен мүмкіндіктері дамиды.Оқушы өздігінен ізденуге  үйренеді, көркем жазуға қалыптасады.Жазбаша тапсырмаларды орындау арқылы шығарма, эссе  немесе хат жазады, өлең құрастырады, сұрақтарға жазбаша жауап береді. Қатесіз көркем жаза алады

 

  • Жас жеткіншектердіңтапқырлығымендүниетанымындамытып,дүниеге
  • көзқарастарынқалыптастыруғаүйретеді.Оқушы оқып үйренген теорияның,не есептің жаңа қырларын ашады, өз ой-пікірін айтады, табылған мәліметтер бойынша қорытынды жасауға үйренеді. Оқушылар ребустар және сөзжұмбақтар құрастыру арқылы ұшқыр ойға, тапқырлыққа, өздігінен жұмыс істеуге бейімделеді.
  • Бастауыш сынып оқушыларының түсінуін жеңілдетіп,  тақырыпқа деген
  • қызығушылықтарын арттырады.

 

Білім алушылардың инвариантты және вариативтік компоненттерден тұратын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарында белгіленеді.

Оқу жұмыс жоспарының негізінде оқу жүктемесінің (сабақтарының) саны мектеп директоры бекітетін сабақ кестесімен реттеледі. Сабақ кестесі Санитариялық қағидаларға сәйкес жасалды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялықталаптар»(бұданәрі-СанПин,2021жылғы5тамыздағы № ҚРДСМ-76) СанПин-гесәйкес 1-4сыныптарда кесте жасау кезінде 2 және

4сабақтан кейін кемінде 15минут  2үзіліс қарастырылған.

Кестені жасау кезінде бірінші сыныптар үшін оқу жүктемесінбіртіндеп арттыра отырып, оқу сабақтарының сатылы режимі қолданылады. Қыркүйек айында отыз бес минуттан, қазан айынан қырық бес минут сабақ өткізіледі.

Сыныптық және сыныптан тыс(факультативтік,жекежәнеүйірмеліксабақтар) оқу жұмысының барлық түрлерін қоса алғанда, білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі мектептің оқу бағдарламаларының жүктемесінен аспайды.

Осылайша, мектепте білім алушылардың апталық оқужүктемесінің ең жоғары көлемі сақталады.

Сыныптарды, оның ішінде инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, топтарға бөлуге қойылатын талаптарды сақтау.

Шағын жинақталған мектепте білім алушыларды топтарға бөлу сыныпта 20және оданда көп білім алушы болған жағдайда жүзеге асырылады.Мектепте мұндай мөлшерде оқушы болмағандықтан сыныптар топтарға бөлінбей оқытылады.

Тиісті деңгейдегі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру мерзімдеріне қойылатын талаптарды сақтау;

2023-2024 оқу жылында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Қарақалпақ бастауыш  мектебі»КММ 1-4 сыныптар аралығында барлығы 11 оқушы білім алуда.

«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) ҚР БҒМ (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық) негізінде, оқу сатылары мен мерзімдері анықталды:

Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі – төрт жыл.

Сыныптар бойынша оқу жылының ұзақтығына және күнтізбелік жылдағы каникул уақытының ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтау.

2023-2024 оқу жылында

2023жылғы 1қыркүйек–2024 жылғы  25мамырды қоса алғанда:

1-4 сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсандардың  және демалыстардың ұзақтығы:

  • тоқсан–8 оқуаптасы,күзгі демалыс–күнтізбелік 7күн(2023жылғы30 қазаннан бастап 5 қарашаны қоса алғанда);
  • тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – күнтізбелік 10 күн (2023 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда);
  • тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – күнтізбелік 11 күн (2024 жылғы 21-31 наурыз аралығында);

1-сыныптарда қосымша демалыс – күнтізбелік 7 күн (2024 жылғы 5-11 ақпан аралығында).

  • тоқсан–8оқу аптасы.

2-11(12)сыныптарда сабақтың ұзақтығы–45минут.Бірінші сыныптардыңоқу сабақтарының режимі: қыркүйекте – күніне 35 минуттан үш сабақ, қазан айынан бастап Санитариялық қағидаларға сәйкес көз шынықтыру жаттығулары мен гимнастикаларын жасай отырып 45 минуттан өткізіледі.

Каниулдар оқу жылында үш рет – күзде, қыста және көктемде беріледі. 1- сыныптың білім алушылары үшін үшіншітоқсанда ұзақтығы бір апта болатын қосымша каникул уақыты беріледі.

5.ОҚУ МАТЕРИАЛДЫҚ АКТИВТЕР

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Қарақалпақ бастауыш  мектебі» КММ жеке тұрған ғимаратта орналасқан, 1992 жылы ашылған. Ғимараттың техникалық жағдайы талапқа сай. Жыл сайын оқу кабинеттеріне, рекреацияларға косметикалық жөндеу жүргізіледі. Мектеп ғимаратының периметрі бойынша көше жарығы мен қоршауы бар.

Мектептің фундаменті тас цементпен құйылған, ішкі және сыртқы тұрақты қабырғалары кірпішті, 1 қабаттан тұрады. Ғимарат 1991  жылы салынған. Жылу жүйесі автономды жеке қазандық,  2018 жылы орнатылған екі  қазандығымен жаңартылды. Мектепте су құдықтан тасымалданады, электр жарығымен, телефон байланысымен және интернетпен, дербес кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген. Ғимараттың  жалпы ауданы 249.9 шаршы метрді құрайды. Жұмыс алаңы 210  ш.м.

Бірінші қабатта жалпы ауданы 57,4 ш.м. тамақтанатын орны бар буфет орналасқан. Тамақтандыруды Шыныкулова З.О  ЖК мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауды (жалға алуды) ұйымдастыру туралы шарт негізінде жүзеге асырады. Оқушылар 100% буфеттік тамақтанумен қамтылған. Ағымдағы оқу жылында 11 оқушы тегін буфеттік тамақтанумен қамтылды.

Мұғалімдер бөлмесі 13,5 ш.м, барлық  кабинеттерге арналған шкаф, стол, орындықтармен, интернетке кіру мүмкіндігі бар дербес компьютермен, желілік фильтрмен қамтамасыз етілген.,  26,7 ш.м. 1 бастауыш кабинеті, 26,9 ш.м. 26,7 бастауыш сыныптар кабинеттері, . Оқу кабинеттерінің жиҺазбен қамтамасыз етілуі 9 – қосымшаға сәйкес. Оқушылардың жеке заттарын сақтауға арналған жеке шкафтармен бастауыш сынып оқушылары толық қамтылған.

Пайдалы оқу алаңы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚРДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес келеді.

Мектептің материалдық-техникалық базасының санағы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 26 ақпанда № 13272 болып тіркелген «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына негізделген.

Мектепте жалпы жылы санитариялық 1 торап орналасқан. Санитарлық торапта барлық қажетті сантехникалық жабдықтармен, қолды жууға арналған санитайзерлермен, қағаз сүлгілерімен жабдықталған.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында мектепте жағдайлар жасалған.

Кедергісіз орта құру және физикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін: пандус және екі жақты ұстағыштар, Браиль белгісі, шақыру тетігі, үстел, орындық  қарастырылған.

Кіруді бақылау үшін  7 дана (оның ішінде 2 ішкі, 5  сыртқы және ішкі бақылау бейне камералары «Прахт» ЖШС келісім шарты негізінде орнатылған. Сонымен қатар дауыстық хабарлауы бар өрт дабылы және 4  өрт сөндіргіш құралдары бар. Өрт сөндіргіш құралдарын техникалық куәландыру және қайта зарядтау уақтылы жүзеге асырылады. Бейне бақылауға, дауыстық хабарлауы бар өрт дабылына техникалық қызмет көрсету жүргізіледі.

Мектеп жергілікті желіге және ғаламдық интернет желісіне қосылған 5 бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған. Мектепте 1 компьютерге 2 оқушыдан келеді. Мектепте «Starlink» ЖШС «ТИМИР» – ның кең жолақты интернетіне қосылған. 100 мбит/с жылдамдығын береді. Мектеп бойынша орташа жылдамдық 100 мбит/с құрайды.

АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ КІТАПХАНА ҚОРЫ.

Мектепте кітапхана жоқ,бірақ кітапхана қоры бар.

Оқу және көркем әдебиет қорымен жұмыс.

Оқу және көркем әдебиеттің кітапхана қор 483 дананы, оның ішінде: оқу әдебиеті қоры 661 дананы құрайды. Жаңа буындағы барлық оқулықтар ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2023-2024 оқу жылына арналған бекітілген тізбесіне сәйкес келеді. Оның ішінде қорландыру циклі бойынша 4,, сынып – 2019 жылғы басылым, 3, сыныптар – 2018 жылғы басылым, 1 сынып – 2021 жылғы басылым, 2 сынып – 2022 жылғы басылым. Қорландыру циклі бойынша оқулықтар қоры әр төрт жыл сайын жаңартылады.

Соңғы жылдары «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасын жүзеге асыруда көркем әдебиет қорының саны артты.

Бүгінгі таңда кітапхана қоры жаратылыстану ғылымдары бойынша әдебиеттермен жасақталған – 47 дана; математика және информатика әдебиетімен – 8 дана;

қоғамдық, гуманитарлық ғылымдар бойынша әдебиеттер және әмбебап мазмұндағы әдебиеттер – 90 дана;

Кітапхананың оқу қорында  7 дана электрондық дискілер бар.

Кітапханаға келіп түсетін барлық кітаптар жөнелтпелермен салыстырылады. 1-ші және 17-ші беттерде кітапхананың мөрі мен түгендеу нөмірі қойылады.

  • Құжаттардағы жазбалар уақтылы және ұқыпты жүргізіледі.

Кітапханада барлығы 11 адамға қызмет көрсетіледі

 

Негізгі бақылау көрсеткіштерін салыстыру кестесі.

 

. Оқулықтар/қызмет 2023-2024
Оқулықтар (әдістемелік нұсқаулық) 483
Көркем әдебиет 178
Кітапханаға келушілер саны 13
Оқырмандар саны 11

 

1.  БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ  БІЛІМІН БАҒАЛАУ.

ЖБП үлгілік оқу бағдарламалары мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген бастауыш,негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына сәйкес тиісті білім беру деңгейінің әрбір білім беру саласы(және оқу пәндеріне) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі (оқытудан күтілетін нәтижелер);

Білім сапасының көрсеткіштері

 

 

Оқу жылы

2023-2024

оқужылы

Оқушы саны сапа
барлық 4пен 5 %
2-4сыныптар 11 5 62,5
Барлығы 11 5 62,5

         Білім  сапасы:

2023-2024 оқужылының білім сапасы –62,5%(2үздiк және5  екпінді), үлгерімі – 100%;