Қысқаша ақпараттық анықтама
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі
Заңды мекенжайы
110400 Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Әулиекөл ауданы
Әулиекөл ауылы
1 Мая, 43 көшесі
телефон: 8-714-53 21-1-43
факс: 8-714-53 21-1-43
Е-mail: aulshg@mail.ru
Білім беру ұйымының қызметін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету
Мемлекеттік мекеме өз қызметінде мынадай құжаттарды: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Бала құқықтары туралы» Конвенцияны, «Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданының білім бөлімінің Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы» – коммуналдық мемлекеттік мекемесі,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қостанай облысының Білім саласындағы бақылау департаменті берген 02.05.2013 жылғы № 13007423 мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырылады; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде жүзеге асырылады
2013 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қостанай облысының Әділет департаменті Әулиекөл ауданының әділет басқармасымен берілген заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама негізінде заңды тұлға мәртебесіне ие БСН 970340000912.
Осы білім беру ұйымының типі
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 40-бабының 4-тармағына сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымы.
Білім беру ұйымының түрі
«Құрамдастырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы негізінде – құрамдастырылған
Тарихи анықтама
Әулиекөл мектеп-гимназиясы – Қостанай облысы Әулиекөл ауданының жетекші білім беру ұйымдарының бірі. Мектептің ерекше шежіресі бар.
Мұрағаттық деректер растағандай, мектептің тарихы сонау 1897 жылы Мұғалім көлінің жағасында Әулиекөл орыс-қазақ мектебі есігін айқара ашқан кезден басталады (мектеп ғимараты осы күнге дейін бар).
Әулиекөл орыс-қазақ мектебі
1926 жылы мектеп В. И. Ленин атындағы I саты мектебі деп аталды. 1930 жылы жеті жылдық мектеп болып қайта құрылды. 1937 жылы осы мектепті Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетов бітірді. Сол жылы мектеп №1 Семиозер орта мектебі болып қайта құрылды. 1940 жылы орта мектептің алғашқы түлектері шығарылды, оның ішінде Кеңес Одағының батыры Илья Яковлевич Сьянов болды. 1965 жылы мектепке Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетов есімі берілді. 1967 жылы №1 Сұлтан Баймағамбетов атындағы Семиозер орта мектебі тарихының мұрагері болған жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді.
![](http://auliekol.local/wp-content/uploads/2023/04/2.png)
![](http://auliekol.local/wp-content/uploads/2023/04/3-1024x689.jpg)
1997 жылдың тамыз айында С.Баймағамбетов атындағы Семиозер орта мектебі С.Баймағамбетова атындағы Әулиекөл орта мектебі болып өзгертілді (Қостанай облыстық мәслихатының 1997 жылғы 27 маусымдағы шешімі негізінде Семиозер ауданы Әулиекөл ауданы болып қайта аталды). 2004 жылдың тамыз айында Әулиекөл ауданы әкімінің 30 тамыздағы № 123 шешімімен мектепке мектеп-гимназия мәртебесі берілді.
2005 жылдың қазан айында Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы «Инновациялық типтегі Үздік ауыл мектебі» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.
2017 жылы мектеп-гимназия – «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау республикалық конкурсының II кезеңінің жүлдегері.
Жыл сайын мектеп-гимназия түлектері өз білімдерін қорытынды аттестаттауда растайды. Мектеп-гимназия мәртебесін алған сәттен бастап 16 түлекке аттестат және «Алтын белгі» төсбелгісі, 15 түлекке үздік аттестат табысталды.
Мектеп директорлары туралы мәлімет
Мектеп құрылған күннен бастап орта мәртебе берілгенге дейін (1937 жыл) мектеп директорларын тағайындау туралы куәландыратын мұрағаттық құжаттар жоқ. Семиозер аудандық халыққа білім беру бөлімінің жеке құрам және негізгі қызмет бойынша бұйрықтарына сәйкес 1937-1938 оқу жылынан бастап қазіргі уақытқа дейін мектепті 15 директор басқарды. 1964 жылдан 1989 жылға дейін Сұлтан Баймағамбетов атындағы № 1 Семиозер орта мектебінің директоры Соболев Юрий Леонтьевич болды. 2007 жылдан бүгінгі күнге дейін Әулиекөл мектеп-гимназиясының директоры Максютова Салтанат Казикановна.
![]() |
![]() |
Соболев Юрий Леонтьевич | Максютова Салтанат Казикановна |
Мектеп түлектері
Мектеп түлектері – мектеп педагогтары
Жыл сайын мектептің педагогикалық ұжымы жас мамандармен толықтырылып отырады. Педагогикалық ұжымның 39%-ын мектеп түлектері құрайтынын атап өту қажет.
Мектеп түлектері – мектеп мақтанышы
Мектеп түлектерінің есімдері аудан, облыс, республикадан тыс жерлерде белгілі:
Сұлтан Баймағамбетов –
1937 жылдың түлегі. 1965 жылы мектепке Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетов есімі берілді.
Илья Сьянов – 1940 жылдың түлегі. 1987 жылы Кеңес Одағының батыры Илья Сьяновтың есімі № 3 Семиозер орта мектебіне берілді.
![]() |
![]() |
Султан Баймагамбетов | Илья Сьянов |
Ерік Асанбаев – 1953 жылдың түлегі. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының тұңғыш вице-президенті, мемлекет қайраткері, дипломат, ГФР-дағы ҚР экс-елшісі, экономика ғылымдарының докторы.
Нурлан Исингарин – 1958 жылдың түлегі. Қазақстан Республикасының тұңғыш көлік министрі, Қазақстан Республикасы премьер-Министрінің бірінші орынбасары. ТМД Кеден одағы Интеграциялық Комитетінің Төрағасы; Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың бас хатшысының орынбасары. Экономика ғылымдарының докторы.
![]() |
![]() |
Ерик Асанбаев | Нурлан Исингарин |
Урал Мухамеджанов – 1967 жылғы түлек, депутат, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ІІІ және IV шақырылымының төрағасы. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі.
Нурлан Даненов – 1967 жылдың түлегі. Мемлекет қайраткері, дипломат. Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы, Қазақстанның Франциядағы, Швейцария Конфедерациясындағы, Ватикан Мемлекетіндегі, Испания Корольдігіндегі, Португалия Республикасындағы, Андорра Князьдігіндегі, Монако Князьдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі.
![]() |
![]() |
Александр Мамедов – 1970 жылдың түлегі. Балаларды құтқарып, өрт кезінде қаза тапты. Александр Мамедовтың есімі Әулиекөл ауылындағы үлкен көшелердің біріне берілді.
Александр Корчинский – 1973 жылдың түлегі. «Агрофирма Ирина и К» ЖШС директоры. Кәсіподақтар одағы ЗТБ ОК медалімен, «Еңбек даңқы» белгісімен, «Ерең еңбегі үшін» медалімен, Конституция күніне, ҚР Тәуелсіздік күніне орай мерейтойлық медальдармен марапатталған, «Сапа дәуірі» халықаралық алтын жүлдесінің иегері.
![]() |
![]() |
Александр Мамедов | Александр Корчинский |
Юрий Заикин – 1973 жылдың түлегі, «ИНСПЭК» ЖШС ауыл шаруашылық құрылымының басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты. «Шапағат» медалімен, Конституция күніне, ҚР Тәуелсіздік күніне орай мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Сачко Александр – 1985 жылдың түлегі. Қостанай облыстық ауруханасының трансплантология бойынша бас өңірлік координаторы, реанимация және анестезиология бөлімшесінің меңгерушісі.
![]() |
![]() |
Юрий Заикин | Сачко Александр |
Василий Цымбалюк – 1999 жылдың түлегі. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, Әулиекөл ауданының білім бөлімі, Қостанай қаласының білім бөлімі басшысының орынбасары, Қостанай қаласының білім бөлімінің басшысы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы.
|
![]() |
![]() |
Айнура Максютова – 2009 жылдың түлегі, «Дарынды балалар – Қазақстанның болашағы» үлкен халықаралық энциклопедия» кітабының кейіпкері, «Оларға болашақ тиесілі» айдары, Phd докторы, «Тұран-Астана» университетінің ғылым және инновациялар департаменті ғылым және докторантура бөлімінің аға ғылыми қызметкері
|
«Отанды қорғау» ұраның ұстанған мектеп түлектері
Біздің мектеп – патриоттық тәрбие орталығы. Әр жылдардағы түлектер «Отанға қызмет ету» мамандығын таңдайды.
|
|
![]() |
![]() |
![]() |
Кайрат Маканов 1984 жыл түлегі
|
Бахытжан Досмагамбетов 1985 жыл түлегі
|
Александр Кравченко 1986 жыл түлегі |
![]() |
![]() |
![]() |
Рустам Галимжанов 1999 жыл түлегі |
Руслан Мусапыров 2000 жыл түлегі |
Елдос Абильдинов 2001 жыл түлегі |
![]() |
![]() |
![]() |
Руслан Галимжанов 2005 жыл түлегі |
Медет Ахметов 2010 жыл түлегі |
Думан Искаков 2010 жыл түлегі |
![]() |
![]() |
![]() |
Алишер Ахмет 2012 жыл түлегі |
Жандос Мустафин 2012 жыл түлегі |
Заманбек Назаров 2013 жыл түлегі |
Түлектер – жалпы орта білім туралы аттестат және
«Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлері
2004 год – Дангилова Асель |
2018 год – Петрович Юлия |
2005 год – Журба Юлия |
|
2006 год – Еленова Салтанат Мухамбетова Алма |
2020 год – Ивасютина Анжелика Клем Яна Кострова Кристина Молдабаева Меруерт Муслимов Радик 2021 год – Батырова Дарига Кучер Полина 2022 год – Габдрахманова Эльвира
|
2008 год – Селюкова Валентина |
|
2009 год – Дангилова Ляззат |
|
2010 год – Ищанова Ляйля |
|
2012 год – Бикенова Асель 2013 год – Шопенова Айым Искакова Алия |
Түлектер – жалпы орта білім туралы үздік аттестат иегерлері
2005 год – Апарева Марина Ищанова Ляззат Нашкенова Анара Садкова Екатерина |
2020 год – Нейман Игорь Шиляев Илья Юрьева Вероника 2021 год – Шукурова Асель |
2006 год – Жумабаева Сабира Кривоносова Татьяна Цымбалюк Юлия 2009 год – Максютова Айнура 2010 год – Ищанова Рахиля 2016 год – Дуйсенбаева Дамира 2019 год – Ищанова Рашиля Кожабаева Дильназ |
2022 год – Албастов Абубакар Габдрахманова Фларида Жаппасова Аида Кенжегулова Томирис Сейтжан Сабина Фурман Александр |